logo width
МЕКЕН-ЖАЙ: Қазақстан, Алматы қаласы Бәйшешек көшесі, 23

СҰРАҚТАР БОЙЫНША: +7 (701) 357-50-46

 

Тасымалдау ережелері


2-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау*

23. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау жергiлiктi атқарушы органдар бекiткен маршрут желiсi бойынша жүзеге асырылады, ол жолаушы көлiгiн дамытудың бекiтiлген кешендiк схемасының және азаматтардың, ұйымдардың ұсыныстары бойынша жолаушылар легiн талдау негiзiнде құрылады. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы жүргізушілерді және кондукторларды талаптарды жергілікті атқарушы органдар бекіткен бірыңғай арнаулы киім-кешекпен қамтамасыз етеді.

24. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрутында шағын автобустарды пайдалану анықтамасы төменгi жолаушылар легiмен негiзделедi, бұл ретте шағын автобустар пайдаланылатын маршруттардың ұзақтығы жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдаудың маршрут желiсiнiң жалпы ұзақтығының отыз пайызынан аспауы тиiс.

3-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың қызмет көрсету режимдерi*

25. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарына мынадай режимдердiң бiрiнде қызмет көрсетiледi:
1) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен, шағын автобустармен, сондай-ақ қалааралық автобустармен тұрақты қала маңындағы автомобильмен тасымалдаудың маршруттарында, маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын әдеттегi, қала шегiнде олардың арасындағы қашықтық 400-ден 800 метірге дейiн болуы тиiс;
2) кемiнде екi жолаушы есiгi бар қалалық автобустармен және қалааралық автобустармен маршруттың схемасында көрсетiлген аялдама пункттерiне тоқтау арқылы жүзеге асырылатын жедел (қалалық тасымалдау үшiн ғана), олардың арасындағы қашықтық 1,5-ден 3,0 км дейiн болуы мүмкiн.
26. Халыққа қызмет көрсету ерекшелiгiне сәйкес жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауы мынадай сипатта болуы мүмкiн:
1) тәулiктiң барлық белгiленген кезеңi және аптаның барлық күндерi iшiнде қолданылатын тұрақты;
2) белгiлi бiр күндерде немесе тәулiктiң кезеңдерiнде қолданылатын (демалыс, мерекелiк күндер немесе "қауырт" сағаттар) қосымша;
3) алдын ала белгiленген уақыт аралығы iшiнде қолданылатын (саяжай кезеңiнде, демалыс аймақтары, спорттық-сауықтыру кешендерi жұмыс iстеген кезде) маусымдық;
4) қысқа уақытқа қолданылатын (әдеттегi режимде қызмет көрсетуге кедергi жасайтын жол желiсiнде күтпеген жағдайлар туындаған жағдайда) уақытша.

4-параграф. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдауды жүзеге асыру тәртiбi*

27. Жолаушыларды автокөлiк құралына отырғызу және түсiру мынадай дәйектiлiкпен жүргiзiледi:
1) шағын автобустарда алдымен жолаушыларды түсiру, одан кейiн отырғызу жүргiзiледi;
2) екi есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - екi есiк арқылы, ал отырғызу артқы есiк арқылы жүргiзiледi;
3) үш және одан артық есiгi бар автобустарда жолаушыларды түсiру - барлық есiктер арқылы, ал отырғызу - алдыңғы есiктен басқа барлық есiктер арқылы жүргiзiледi.
28. Кезектен тыс алдыңғы есік арқылы отырғызу құқығын мүгедектер, зейнеткерлер, жүкті әйелдер, мектеп жасына дейінгі балалары бар жолаушылар пайдаланады, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері пайдаланады.
29. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында пайдаланылатын автобустардың салонында мүгедектер, зейнеткерлер, жүктi әйелдер, мектеп жасына дейiнгi балалары бар жолаушылар басым отыру үшiн 4-тен 8 орынға дейiн (олардың паспорттық сыйымдылығына байланысты) бөлiнедi.
30. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) тұрақты тасымалдау маршрутында "сұрау бойынша" аялдама пункттерi болған кезде, жолаушылар жүргiзушiге (кондукторға) көрсетiлген аялдама пунктiнде тоқтау қажеттiгi туралы алдын ала хабарлауы керек. Осындай аялдама пунктiнде жолаушылар тұрған кезде, жүргiзушi оларды отырғызу үшiн аялдама жасауы тиiс.
31. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттары бойынша жолаушылар жол жүргенде: 1) автобустан, шағын автобустан ол толық тоқтағанға дейiн немесе қозғалыс кезiнде шығуға және кiруге;
2) автобустың есiктерiнiң ашылуы мен жабылуына кедергi жасауға;
3) жүргiзушiнi автокөлiк құралының қозғалысы кезiнде әңгiмемен алаңдатуға;
4) автобустың, шағын автобустың салонының iшкi жабдығы мен жарағын бүлдiруге;
5) темекi тартуға, қоқсытуға, спирт iшiмдiктерiн iшуге;
6) от қауiптi, жарылғыш, улағыш, жеңiл тұтанатын, улы, өткiр және күлiмсi иiстi заттарды, құндағы және iлеспе құжаттары жоқ дәрiмен атылатын қаруды тасымалдауға жол берiлмеуi тиiс.
32. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында:
1) "Тұрақты және тұрақты емес жолаушылар тасымалы үшін автокөлік қызметі" ҚР СТ 2273-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық стандартына сәйкес автобустарда тұратын және отыратын орындар, олардың толық паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде;
2) шағын автобустарда тұратын және отыратын орындар оның паспорттық сыйымдылығынан аспайтын мөлшерде.

6-параграф. Қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастағы жол жүру және багажды алып жүру төлемі, тіркеуі*

41. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жол жүру, багаж алып жүру төлемін жолаушы Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғылары арқылы сатуды қоса алғанда, қолма-қол ақшамен кондукторға (жүргізушіге) беру немесе жүру үшін электрондық төлеу жүйесі арқылы жасайды. 42. Қалалық (ауылдық) қатынастағы қолма-қол ақшаға жол жүру, сондай-ақ багажды алып жүру төлемінің фактісі жолаушыға жол жүру құжатын (билетін) берумен белгіленеді.
42-1. Жол жүру үшін электрондық төлеу жүйесі пайдаланылатын жолаушылар мен багажды тасымалдау үшін тұрақты маршруттар бойынша жол жүруді тіркеу жолаушымен жол жүру үшін төлемнің жасалғаны туралы қағаз жол жүру құжатын (билетін) берусіз немесе электрондық төлем жүйесі, оның ішінде интернет және құрылғылар арқылы, жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жүзеге асырылады.
43. Қолма-қол ақшамен төлем жасалған жағдайда, қағаз нысанындағы жол жүру құжаты (билеті) бір жолғы бақылау билеті бір маршруттағы, жолаушы жүріп өткен қашықтыққа қарамастан бір бағыттағы бір маршрут бойынша сапар кезінде ғана жарамды.
44. Техникалық себептер бойынша автобус, шағын автобус маршрут бойынша қозғалысты жалғастыруы мүмкiн емес жағдайлар туындаған жағдайда, жолаушыларға берiлген қағаз нысанындағы бiр жолғы бақылау билеттерi және жол жүрудің расталған бір жолғы бөлек тіркеулері, электрондық жол жүру құжаты арқылы жол жүру төлемі жасалған болса – осы маршруттың басқа автобусында, шағын автобусында жол жүру үшiн жарамды болып табылады.
45. Қалалық (ауылдық) және қала маңын қоспағанда, жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарында жол жүру және багажды алып жүру төлемін жолаушы маршруттың бастапқы пунктінен сапарды жүзеге асыру кезінде автовокзалдың, автостанцияның, жолаушыларға қызмет көрсету пунктінің кассасына, оның ішінде Интернет жүйесін қоса алғанда, электрондық сату арқылы немесе маршруттың аралық пунктінде отырғызу кезінде кондукторға (жүргізушіге) тарифке сәйкес төлейді.
45-1. Тасымалдаушылар электрондық диспетчерлеу жүйесін және электрондық төлеу жүйесін ұстау және қолдану талабын сақтауға тиіс.
46. Қала маңындағы қатынаста қолма-қол ақшамен жол жүру төлемiнiң растамасы жолаушыға қағаз нысанындағы жол жүру құжатын (билетін) берумен белгiленедi.
46-1. Жол жүру үшiн электрондық төлеу жүйесi пайдаланылатын қала маңындағы қатынастағы жол жүруді тіркеу жолаушымен жол жүру үшін төлемнің жасалғаны туралы қағаз жол жүру құжатын (билетін) берусіз, жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жүзеге асырылады.
47. Багажды алып жүру төлемiнiң айғағы, жолаушыға багаж түбiртегiн берумен белгiленедi.
48. Белгілі күнтізбелік мерзімге қағаз, сондай-ақ және электрондық нысандағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерін сату алдын ала, жергiлiктi атқарушы орган белгілеген сату орындарында, сондай-ақ тасымалдаушылар-кондукторлар немесе жүргізушілер арқылы жүргiзіледi.
49. Қалалық (ауылдық) қатынастағы сапарларға арналған қағаз, сондай-ақ және электрондық нысандағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерi жолаушылар мен багажды автомобильмен қала маңы тұрақты тасымалдаудың маршруттарында жарамсыз.
50. Қағаз және электрондық нысандағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билеттерiнiң қолданылуы белгiленген нормадан артық қол жүгiн және багажды алып жүруге қолданылмайды.
51. Қағаз нысанындағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетi бар жолаушы оны кондукторға, бақылаушыға (жүргiзушiге) автобусқа, шағын автобусқа мiнген кезде көрсетедi. Электрондық нысандағы ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетi бар жолаушы автобусқа, шағын автобусқа мінген кезде жолаушының өзіне-өзі қызмет көрсететін тиісті электрондық көлік терминалының санау құрылғысының жұмыс бетіне электрондық жол жүру құжатын тақау жолымен жол жүруді тіркеуді өз бетінше жүзеге асырады.
52. Егер жолаушы қағаз нысанындағы немесе электрондық нысандағы жеңiлдiктi ұзақ пайдаланудағы жол жүру билетiн пайдаланса, дербестендірілген жеңiлдiктi ұзақ пайдаланудағы электрондық жол жүру билетiн пайдаланатын жолаушыларды қоспағанда, онда сондай-ақ ол жеңiлдiкке құқығын растайтын құжатты ұсынады.

5-параграф. Қол жүгi мен багажды алып жүру*
33. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында өлшемі 60х40х20 см дейінгі және салмағы 20 кг аспайтын қол жүгін, сондай-ақ қабы бар бір жұп шаңғыны, бала арбасын немесе шанасын (автобустарда ғана) өзімен бірге тегін алып жүруге рұқсат етіледі.
34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетілген көлем және салмақ өлшемдерінен асатын қол жүгі багажға жатады және автобустың, шағын автобустың багаж бөлімшесінде немесе автобусқа, шағын автобусқа ілесіп жүретін багаж автомобилінде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келісім негізінде таксимен тасымалдануға тиіс.

Жануарларды тасымалдау
5-параграф. Қол жүгi мен багажды алып жүру*

36. Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық) және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттарында жабық торларға немесе сумкаларға салынған ұсақ жануарлар мен құстарды тегiн тасымалдауға рұқсат етiледi.
37. Иттер автобустарда топталу алаңшаларында ғана тұмылдырықпен және қарғы баумен тегін тасымалданады.

Алматы қаласында иттерді ұстау ережесі**
2. Иттерді ұстау жағдайлары

7. Адамдар көп жиналған жерлерде, қоғамдық көліктерде және басқа қоғамдық орындарда иттерді ұстауға тыйым салынады, оларды қысқа қарғы бау мен тұмылдырық кигізіп алып жүру керек.
8. Сәнді тұқымдарға жататын иттерді сөмкеге, әдейі арналған торларға (алып жүруге арналған контейнерлер) салып алып жүруге рұқсат етіледі. Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көліктерімен тасымалдау ережесінен үзінді. Толық мәтінін төменде берілген сілтемеден көре аласыз:
Об утверждении Правил перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 марта 2015 года № 349. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 июля 2015 года № 11550

**Иттерді ұстау ережесі Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 тамыздағы V-шақырылған XIX-сессиясының № 158 - шешімімен қабылданды.
Толық мәтінін төменде берілген сілтемеден көре аласыз: http://www.mga.kz/solutions/maslikhat-solutions/446-reshenie-xix-oy-sess…