Біз үшін басты бағдар – жолаушылардың оң бағасы. Сіз біздің жұмысымызды жақсартуға көмектесе аласыз. Сайтта қала тұрғындарымен кері байланыс орнатылған. Мұнда сіз өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыз. Әрбір ұсыныс немесе өтініш бойынша, компания көрсететін қызметтердің сапасын арттыру бағытында жұмыс мұқият жүргізілетін болады. Біз жолаушыларға және барлық мүдделі тараптарға жауап беруге дайынбыз. Әрбір ұсыныс біз үшін маңызды. Біздің компанияның жұмысына қатысты барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: +7(701) 357 50 46, info@ecobus.kz
«EcoBus Service» ЖШС диспетчерлері қызмет көрсететін маршруттарға онлайн мониторинг жүргізе отырып, желідегі оқыс оқиғаларға жедел әрекет етіп, жылжымалы құрамның қозғалысын үйлестіреді.
Кәсіпорын парктегі автобустарға уақытылы, сапалы техникалық қызмет көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен және қосалқы бөлшектердің қорымен жабдықталған.