logo width
Мекен-жай: Қазақстан, Алматы қаласы
Қажымұқан көшесі, 22/5

Сұрақтар бойынша: +7 (701) 492 58 06

Қалалық қоғамдық көліктерге қатысты сұрақ туындаған жағдайда

Біздің Whatsapp-қа жазу
БІЗ ТУРАЛЫ

ECOBUS Автобус паркі

Сіздің Алматы қаласындағы ECOBUS Service компаниясының ресми сайтына кіргеніңізге қуаныштымыз. Компания жолаушылар мен жүкті тасымалдау бойынша қалалық маршруттарға қызмет көрсетуге мамандалған. Кәсіпорын Алматы қаласының маршруттары бойынша қоғамдық жолаушылар тасымалына тұрғындардың сұранысын толық, сапалы және уақтылы орындауды жүзеге асыруға қызмет етеді. Сондықтан біздің қызметімізде ең бастысы – жолаушы, оның қауіпсіздігі мен жайлылығы және экология. Біз қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсартуға тырысамыз.

Таза экологиялық жолаушылар автомобиль көлігінің тұрақты және тиімді жұмысын қамтамасыз ету «ECOBUS Service» ЖШС-нің ең маңызды міндеті. Біз бұл міндетті соңғы заманауи технологияларды және білікті қызметкерлердің кәсіби тәжірибесін қолдану арқылы орындаймыз.

«ECOBUS Service» ЖШС жылжымалы құрама паркі құрамында Еуро-5 стандартындағы CNG экологиялық отынымен жүретін жаңа, жайлы, төмен еденді жолаушылар автобустар ғана бар. Газбен жүретін автобустардың артықшылығы тек заманауи техникалық сипаттамалары және жайлылықпен шектелмейді. Бұл сондай-ақ қауіпсіздік және экологиялық тазалық. Метан тіпті төмен температурада толығымен буланып, зиянды жану өнімдерін қалдырмайды. Компанияның негізгі стратегиясы – көліктердің экологиялық таза түрлеріне, оның ішінде электрлі көліктерге жаңа технологияларды енгізу және өндірістік процестерді оңтайландыру.